Көріпкел, балгерлердің құпиясы
Көршім — балгер, көріпкел. Оның үйінің алдында күн сайын таңертең адамдар кезекте тұрады. Мен оларға оның алаяқ екенін түсіндіруге тырысамын: егер оның шынымен де тылсым күші болса, ол мұнда отырмас еді; лотереядан миллиондап ұтып алып, Мальдив аралдарында рахаттанып демалып жатар еді деймін. Әдетте, балгерге бірнеше жын қызмет етеді. Олар келушінің жеке жынынан ақпарат жинап, балгерге жеткізіп береді, сол себепті адамдар оны бәрін біледі деп сенеді. Ол сондай-ақ адамдарды, әсіресе балаларды «емдейді». Жындар «ғажайыптар» көрсете алады; олар адамға өзін жақсы сезініп, сауығып келе жатқандай әсер бере алады. Алайда, шын мәнінде, бұл жындар адамның бойына өз балаларын немесе басқа жындарды енгізіп жібереді, ал олар кейіннен әлгі адамға зиян келтіре бастайды. Балгерлерден, сиқыршылардан және өздерін «емші-тауип» деп атап жүргендерден сақ болыңыздар!