sunna-fard.com
Размер текста: Ctrl + колесо мыши — увеличить или уменьшить масштаб

Сиқырдан, көз тиуден, жыннан не көмектеседі?!

Қазіргі уақытта алаяқтар Исламды жамылып, басқалар түгіл өздеріне көмектесе алмайтын заттарды сатып, елді алдауда. Олар лотос, сидр, қыст әл-хинди, шафран, ажуа құрмасын сатып алсаңыз, сиқырдан, көз тиюден, зақым келуден және барлық жын-шайтаннан құтыласыз деп алдайды. Лотос, сидр және қыст әл-хиндиді ұнтақтап, суға қосып, Құран оқығасын, сол суды ішеді немесе шомылады. Егер олар көмектесетін болса, онда неге қосымша Құран оқиды?! Адамға тек суга оқылған Құран ғана көмектеседі! Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сиқырланған кезде, Аллаһ оған: «Ажуадан бір мешок алып, же», - деп айтпады, керісінше, Құранның соңғы екі сүресін түсірді. Шафранға қатысты олар қызыл бояумен жазылған қағазды суға салып ішуді немесе шомылуды ұсынады. Уа, алаяқтар, неге ондай жағдайда Құранның парақтарын суға салмасқа?! Көріп отырғаныңыздай, бұл хадистердің бәрі шайтаннан немесе адамдар ақша табу үшін ойлап тапқан. Жаратылған нәрселерден көмек сұрап ширк жасамаңыздар; тек Жаратушыдан ғана көмек сұраңыздар! Бізге Аллаһтан басқа ешкім көмектесе алмайды!